Елбасы ресми түрде пайдалануға берілгенімен, бірден іске қосылмайтын нысандарды ендігәрі ашпайтынын айтты

аурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде пайдалануға берілгеннен кейін бірден іске қосылмайтын индустриялық нысандарды ендігәрі ашпайтынын айтты,

деп хабарлайды қазАқпарат.

«Пайдалануға берілген нысандардың жобалық қуаттылыққа шығуын ешкім қадағалап жатқан жоқ. Менің қатысуыммен ішінара ленталарды қиамыз, ал содан кейін барып сол нысанның бір жылдан кейін іске қосылғанын білемін. Кәрім Қажымқанұлы, Сіз мені былтыр Астанадағы тепловоз зауытының ашылауына алып бардыңыз. Ол жақында ғана іске қосылды. Көзбояушылық пен провакация, бұл кімге қажет? Мен мұндай нысандарды ендәгірі ашпайтын боламын», деді Елбасы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және әкімдердің қатысуымен өткен индустриялық дамуға қатысты кеңесте.

Елбасының айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 144 индустриялық-инфрақұрылымдық нысан іске қосылатын болады. Олар өнімдер шығарып, екінші жарты жылдықта ел экономикасының көлемін көтеруі тиіс. «Егер Сіздер нысандар іске қосылды деп баяндайтын болсаңыздар, онда олардың шілде айынан бастап өнім бере бастауын бақылау қажет», деді Н. Назарбаев.