Елбасы РФ Президентіне көңіл айтып, жеделхат жолдады

None
СТАНА. Қыркүйектің 1 0-ы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.

Онда, Владикавказдағы лаңкестік әрекеттің салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Қазақстанның қатты қайғырып қабылдағаны атап көрсетілген.