Елбасы РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Д. Рогозинмен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Рогозиннің сапарының нақтылы маңыздылығын және екіжақты сипаттағы түрлі мәселелерді уақтылы шешудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында әскери-техникалық ынтымақтастық, бірлескен өнеркәсіп кооперациясы, сондай-ақ екі елдің ғарыш саласындағы өзара ықпалдастығы мәселелері қаралды.