Елбасы «Самұрық-Қазына» Қорының трансформация бағдарламасының тұсаукесеріне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобының трансформация бағдарламасының таныстырылымы 6 қазанға жоспарланып отыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қазпошта» АҚ директорлар кеңесі және қызметкерлерімен өткен кеңесте мәлім етті.

«Бүгін Үкімет отырысында біздің трансформация туралы бағдарламамыз бекітілді. Ендігі келесі қадам - біздің шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, бағдарламаның тұсаукесерін өткізу. Тұсаукесер Мемлекет басшысының қатысуымен 6 қазанда өткізілмек, қазір оған дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деді Ө. Шөкеев.

Оның айтуынша, қордың трансформациясы туралы бағдарлама белсенді инвестор моделіне баса назар аударатын болады.