Елбасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.