Елбасы Семейдің қарағайлы орманын қорғау мәселесін шешуді тапсырды

sp;АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Теңдесі жоқ табиғи аумақ- Семейдің қарағайлы орманын өрт пен заңсыз кесуден қорғауға қатысты тікелей желі барысында қойылған сауалдан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі және Семей облысының, Семей қаласының әкімдіктеріне осы мәселені шешуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Н. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, мемлекет бұл проблемадан хабардар және қолдан келгеннің бәрін жасауда.

«2003 жылы бұрынғы орман шаруашылығының негізінде «Семей орманы» атты қорық құрылғанын білесіздер. Менде бар мәліметтер бойынша, соңғы жылдары орман өсімі 50 пайызға артты. Орман алқабының жалпы көлемі 9 мың гектарға көбейді. Өрт оқиғалары 5 есеге дейін азайып отыр.  Орман ағаштарын заңсыз кесу фактілері 4,5 есеге азайды. Бұл  тіпті де қуанарлық көрсеткіш емес, ағаштарды кесу мүлдем болмауы керек», деп қадап айтты.

«Мен Астана айналасына үлкен қиындықпен орман отырғызуға күш-қайратымды кетіріп жүрмін. Кейін бұл орман Бурабай орманымен қосылсын деген міндет қойып отырмын. Астананың маңында 50 мың гектар орман шуылдап тұр. 1997 жылы бірінші ағаштары отырғызылған болса, қазір олар 15-20 метрге дейін ұзарып өсіп, еліктер мекен ете бастады. Ал Семейде ғасырлар бойы өсіп келген орман қырқылуда. Бұл дұрыс емес. Мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне және облыс әкіміне Семей орманы мәселесін тағы бір зерттеп, оны қорғауға қатысты ұсыныстарды жасақтауға тапсырма беремін», деді Елбасы.