Елбасы Сергей Михалковтың отбасына көңіл айтты

None
АНА. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті кеңестік және ресейлік жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сергей Михалковтың отбасына көңіл айтты,

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта былай делінген: «Сергей Владимировичтің, өзгеше рухы күшті осы адамның өмір сүріп, атқарған еңбегі,  елдің мәдениеті мен өнеріне сіңірген үлесі баға жеткісіз. Қазақстанда талай ұрпақ - балалар мен ересектер - оның шығармаларымен сусындап, тәрбиеленді.

Қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сіздерге, Сіздердің  туыстарыңыз бен жақындарыңызға орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып,  көңіл айтамын. Сергей Владимировичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрқашан да сақталады».