деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхатта былай делінген: «Сергей Владимировичтің, өзгеше рухы күшті осы адамның өмір сүріп, атқарған еңбегі, елдің мәдениеті мен өнеріне сіңірген үлесі баға жеткісіз. Қазақстанда талай ұрпақ - балалар мен ересектер - оның шығармаларымен сусындап, тәрбиеленді.
Қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сіздерге, Сіздердің туыстарыңыз бен жақындарыңызға орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Сергей Владимировичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрқашан да сақталады».