Елбасы шахматтан әлем чемпионатын ашады

None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - 1-11 шілде күндері елордада жедел шахмат (рапид) және блицтен әлем чемпионаты өтеді.

Жүлде қоры 400 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының шахмат федерациясы мен FIDE халықаралық шахмат федерациясының бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Шахмат әлеміндегі айтулы шараның бас турниріне дүниежүзінің танымал 16 гроссмейстрі қатысады. Жарыстың ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келеді деп күтілуде.

Жедел шахмат пен блиц шахмат ойындарының ішіндегі ең эмоционалды және аса тартымды түріне жатады.Астана күні мерекесін айшықтайтын шахматтың осы түрлері бекер тандалмаған. Әрі турнир қатысушыларының қай-қайсысы да осал емес, жарыстың бәсекелестік рухта өтетіндігі күтіледі.

Турнирге Магнус Карлсен, Сергей Карякин, Борис Гельфанд, ВеселинТопалов, Василий Иванчук,Теймур Раджабов, Александр Грищук сынды майталман ойыншылар қатысады.

Қазақстан намысын рапид бойынша Муртас Кажгалиев пен Ануар Исмағамбетов, блиц бойынша Павел Коцур және Ринат Джумабаев қорғайды.

Қала күні қарсаңында өтетін шара ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімшілігінің, ҚР спорт және дене мәденеиті агенттігі, мәдениет және ақпарат министрілігің қолдауымен Қазақстан Республикасының шахмат федерациясы және FIDЕ халықаралық шахмат федерациясы.

Чемпионат барысында әлемдік турнирдің барлық жаңалықтарынан толық мәлімет беретін тараулар мен айдарлардан тұратын  www.worldchess.kz , арнайы сайты жұмыс істейтін болады. Осы сайттан гроссмейстрлер, төрешілер мен екі федерацияның басшылығы туралы ақпараттар ала аласыздар. Сондай-ақ, фото және бейне репортаждар жүйелі түрде жаңартылып отыратын болады. Әр турнирлік күннің соңында гроссмейстерлердің өздері өткен күн туралы есептерін ұсынады.