Дәл қазіргі уақыттарда Қазақстан мен Қытай құрамалары кездесуде. Ойынды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалауда.
Ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы Қытайдың қақпасына төрт бірдей шайба салды, есеп 4:0.
Айта кетейік, Елбасымен бірге бұл ойынды Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Асқар Мамин және тағы басқа да ресми тұлғалар тамашалауда.