Елбасы: Шенеуніктер БАҚ редакторларына қысым көрсетеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керек. Партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия алға қарай жылжитын,ақпараттық, идеологиялық саясатты жүргізуі тиіс. Бүгінгі таңда медиада шынайыбейнені бұлдырататын арналар көбейіп барады. Жай ғана қайдағы бір сұрақтылақтырады да – шындыққа сай келе ме, жоқ па біліп алыңдар дейді (...) Кейінпартияның толық медиатобы, телевизиялық арнасы, газеттері – аузын жауыпотырады. Біздің орталық ақпараттық арналар да аузын ашпайды. Ой, қорқамыз...Бұрын мен керісінше, маған ақша төле, әйтпесе сен туралы жаман жазамын дегенредакторларды жазалайтын едім. Әкімдер осы үшін ақша төлейтін. Ал қазір егерсен бірдеңе жазсаң, біреу арқылы сені жұмыстан шығарамын деген бопса пайдаболды. Біз оны білеміз. Егер осындай жағдай тіркелсе, қандай лауазымда болсада, жұмыстан шығарамыз. Кім болса, ол болсын», - деді Елбасы «Nur Otan»партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңдакез келген мәселені республикалық деңгейдегі проблема етіп көрсету жағдайыбелең алып бара жатқанын айтып өтті.

«Интернет оған көмектесіп жатыр.Ешкім жауап бермейді. Партия жала жапқаны үшін жауапкершілікті күшейтумақсатында заң қабылдау бастамасын көтеруі тиіс. Ешкім ешкімге істі абсурдқадейін жеткізу құқығын берген жоқ. Дәстүрлі БАҚ позициясынан айырылып барады.Дәурен Абаев осы мәселе бойынша ойланып, жұмыс жүргізуі керек. Телефондық құқықболмауы тиіс. Шенеуніктер редакторларға қысым көрсетеді. Әртүрлі жолдармен сыниматериалдардың жолын кеседі. Осыдан кейін қоғамдық санада балама шынайылыққалыптасады. «Nur Otan» сол себепті, өзінің ақпараттық стратегиясын қайтақарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әрі жедел ақпараттың көзіне айналып, озажұмыс жүргізуі тиіс. Ең дарынды адамдарды тартып, тиісті айлық төленуі керек»,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар