Елбасы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысушылармен кездеседі
12:13, 02 Маусым 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысушылармен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.