Елбасы Шығыс Қазақстан облысында жоғары технологиялар аймағын құру жөніндегі ілкі жобаны мақұлдады

None
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Б.Сапарбаев Президентке ағымдағы жылдың алғашқы 4 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, әлеуметтік саланың материалдық-техникалық базасының жай-күйі, «Жол картасын» жүзеге асыру барысы туралы баяндады.Мемлекет басшысына, сондай-ақ қазақстандық тауарлар үлесін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалардың орындалуы ауқымында облыс әкімдігі жасаған өндіріс пен өнеркәсіп өнімдерін тұтыну балансы ұсынылды және аймақта фин тәжірибесі бойынша жоғары технологиялар аймағын құру туралы ұсыныс жасалды.Елбасы өткен жылдың осы кезеңінде қол жеткізілген аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштері өсімі қарқынын ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта да сақтауға тапсырма берді және жоғары технологиялар аймағын құру жөніндегі ілкі жобаны жүзеге асыруды мақұлдады.