Елбасы ақпараттық стэндтер мен экспозициялық үлгілерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспарлары жөнінде мәлімет алды.
- Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу - еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тіледі және кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.
***
Кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы іске қосылған. 2016 жылы «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 750 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын шығарған. Кәсіпорын өнімдері таяу шетелдерге экспортталуда.