Мемлекет басшысының алғыс хаты мен сыйлығын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тәрбиеленушілер мен ұжымға арнайы барып тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, мектеп-интернатында туабітті кемістігі бар 210 бала тәрбиеленіп жатыр. Ерекше күтім мен оқытуды қажет ететін балғындар мұнда қоғамға бейімделіп, түрлі өнерді үйренеді. Аталған балалар үйінің тәрбиеленушілері 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұжымдық құттықтау мен өз қолдарымен жасалған өнер туындыларын жолдаған болатын. Балалардың хаты мен сыйлығын қабыл алған Елбасы алғысын білдіріп, ыстық лебізін жеткізді.
Айта кетейік, қазір №4 балалар үйінде 80 бала тәрбиеленуде. Олардың 26-сы тұл жетім болса, 54-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.