Соның бірінде журналист Бейсен Құранбек: «Ел мүддесі үшін неше түрлі келіссөздер болады, шындықты айтпайтын кезіңіз болды ма?» деп сұраған еді. «Өтірік айту деген жаман қасиет. Досыңа өтірікті бірінші рет айтсаң саған сенбейді, екінші рет айтсаң, абыройыңнан айырыласың. Ал ел басқарып жүрген адамның жағдайы ерекше, әртүрлі оқиғалар болып жатады. Елді басқарып отырған адамның аузынан барша Қазақстан халқының атынан айтылатын сөз шығады. Кейде келіссөзге келу үшін бір нәрседен кейін шегініп, екінші жағын алға шығаруға тура келеді», - деді Н.Назарбаев. Бұл ретте Елбасы Каспий теңізін бөлу, Ресеймен шекараны бөлу мәселесінде Ельцинмен арадағы болған әңгімелерді де мысалға тартты. «Көп жағдайда елге тиімді шешім қабылдайсың. Дегенмен, бұл оңай емес. Бұған дейін кім ел басқарып, мемлекетті басқарып көрді дейсің? Бұл біздің тұңғыш тәжірибеміз. Біздің жолымыздың оң жағы да, сол жағы да бар», - деді Н.Назарбаев.
22:19, 13 Желтоқсан 2015
Елбасы сұхбаты: Президент өтірік айта ма?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылды қорытындылап телеарна журналистеріне сұхбат берген болатын. Бір сағат бойы әңгімелесу барысында түрлі сауалдар қойылды.