«Суландырудың кешенді жүйесі мен біздің суармалы жерлерімізді қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. 5 жылдың ішінде 600 мың гектардан астам суармалы жерді айналымға енгізуге болады... Сонау кеңес заманында Қазақстанда мыңдаған құдық болатын. Әр құдықтың жанында мыңдаған мал жайылатын. Біздің жайылымдарымыз өте экологиялық өнімдер ет, сүт алуға мүмкіндік береді», - деді Елбасы.
ҚР Президенті қазіргі уақытта құдықтармен қатар барлық суландыру жүйесін де қалпына келтіру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге оның аграрлық сала үшін суармалы жерлердің қосымша алаңдарын енгізуге септігін тигізетіндігін айтты.