Елбасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жоюға мүмкіндік туғызуға бағытталған Заңға қол қойды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамадан ескірген және қайталайтын нормаларды алып тастауға, сондай-ақ әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды,

олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жоюға мүмкіндік туғызуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.