«Елбасы сыныптастары» кітабы жарық көрді

None
АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияда «Елбасы сыныптастары» кітабының тұсаукесері өтті.

Шымкент қаласындағы «Алтын ұя» ЖШС-і жарыққа шығарған бұл басылымды құрастырғандар - Р. Төлемісова, Р.Сиразитдинова, Б. Тайжан. Онда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы сыныптас достарының естеліктері, білім алған мектептерінің тарихы, мұражайлар қызметі баяндалған.

Оның шығуына қолдау көрсеткен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қайрат Сатыбалды. Басылымның тұсаукесеріне арналған салтанатты кешке жиналған Н.Әбішұлының 29 сыныптасы мен ұстаздары Сейітхан Исаев пен Әсет Асқаровқа және КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегеноваға оның атынан сый-сияпат жасалып, шапан жабылды.