Елбасы Талдықорған әуежайындағы қайта жөндеу жұмыстарымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласының әуежайы мен аэровокзалында болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті әуежай мен әуе вокзалы ғимараттарында жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.