Елбасы Талдықорғандағы Тілдер сарайында болды
Елбасы мұнда Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Тәңірберген Қасымберкебаев қарсы алып, Тіл сарайы туралы қысқаша мәлімет берді.
Президент мұнда бірінші қабаттағы орыс, қазақ, ағылшын тілдерін оқыту кабинеттерін көріп, дәріс тыңдаушылармен тілдесті. Сонымен қатар, ілеспе аударма жүйесімен жабдықталған 35 орындық, дөңгелек үстел қойылған конференц-залдытамашалады.
Елімізде тұңғыш рет бой көтерген Тіл сарайында мемлекеттік тілді дамытуға "Үш тұғырлы тіл" саясатын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Үстіміздегі жылы пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 304 миллион теңге жұмсалды. Тіл сарайындағы барлық оқыту бөлмелері оқу процесіне қажетті заманауи техникалармен жабдықталған. Мұнда бір мезгілде 80 адам дәріс тыңдай алады. Сондай-ақ, оқу аудиторияларымен қатар, акт залдары және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қызметкерлері оқытушыларының кабинеттері орналасқан.