Бүгін Алматыда республикалық маңызы бар екі қала мен облыс әкімдіктері аппараттарының жетекшілерімен өтіп жатқан республикалық семинарда осылай айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгінгі күні ішкі жағдай түзелді. Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында мыңдаған жұмыс орны құрылып, көптеген әлеуметтік нысандар қалпына келтірілді. Жүздеген шақырым жолдар салынып, жөндеуден өтті. Осы шараларды жүзеге асыруда облыс әкімдіктері көп жұмыс атқарды. Бөлінген қаражат әрбір елді мекенге жетті. Мұндай жұмыс бұрын-соңды жүргізілмеген. Мақтан тұтанарлық істеріміз баршылық. Дегенмен кемшіліктер де аз емес", дейді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, бүгінгі күні Елбасының мыңға жуық тапсырмаларының әрбір үшіншісі белгіленген уақытында орындалмай отыр.