Елбасы тапсырмасы Батыс Қазақстан облысында да ойдағыдай орындалуда - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары

ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасының берген нақты тапсырмалары Батыс Қазақстан облысында да ойдағыдай орындалуда. Бұл туралы сәуірдің 17-сінде Сенат депутаттары Рашид Ахметов пен Ерболат Мұқаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында облысты аралап шыққан сенаторлардың айтуынша, өңірде көптеген жұмыстар атқарылды. Сонымен бірге шешілуі тиіс мәселелер де бар. Соның бірі ? Қараөзен мен Сарыөзенге су айдау. Ресей жағы биыл Еділ өзенінен БҚО қажеті үшін бөлетін су бағасын 20 пайызға өсірді. Бұл мәселенің оң шешілуіне облыс басшылығымен бірге депутаттар да атсалысатын болады. Келер жылдың басына дейін Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандары көгілдір отынға қосылуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуге бюджеттен қаржы қаралған. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары да жалғасады. Бұл орайда депутаттар жол құрылысын жүргізетін компаниялардың әлеуетті болуы қажеттігіне назар аударды. Облыста азық-түлік бағасы тұрақты. 43 негізгі азық-түлік түрінен 28-інің бағасы республикалық орташа көрсеткіштен төмен.