Елбасы Татарстан Президентімен ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салаларындағы негізгі мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов өзге де бірқатар салаларда өзара іс-қимылды дамытуға үлкен әлеует бар екенін атап өтті.