Елбасы «Тауар биржалары туралы» Заңға қол қойды

None
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Елбасы тауарлық биржалардың қызмет үдерісі мен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін «Тауар биржалары туралы» Заңға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елбасы сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы «Тауар биржалары туралы» Заңға сәйкестендіруді қарастырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлық биржа мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.