Елбасы телефон арқылы Армения Президентімен еуразиялық ықпалдастық мәселелерін талқылады
19:15, 10 Желтоқсан 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Телефонмен сөйлесуге армян тарапы бастамашылық етті.