Жеделхатта Кабул қаласындағы террорлық акт салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.
Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Ауғанстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға Қазақстан әрқашан дайын екенін атап өтемін», - делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, кеше таңертең Кабулда болғанжойқын жарылыс салдарынан 50-ге жуық адам опат болып тауып, 150-ге жуығы жарақат алды. ҚР СІМ террорлық актіден екі қазақстандық зардап шекті деп мәлім етті.