Елбасы ТМД басшылары кеңесіне қатысу үшін Қырғызстанға барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына келді», - делінген хабарламада.