Театрда Елбасы «Шаңырақ» миниатюрасын тамашалады. Сондай-ақ Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырып, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Еске салайық, бүгін Елбасы Түркістан қаласына келді. Сапар барысында қаладағы саябақты абаттандыру нәтижелерімен танысып, Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты.
Бұдан бөлек, «Яссы» ботаникалық бағының даму жоспарымен танысты. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға ат басын бұрды.