Елбасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.