Жаңа кезеңде әкімшілік реформа өте маңызды екендігін баса айтқан Елбасы: «Бұл блокта орталықсыздандыру, жеке меншікті қорғау, келісімшарттық қарым-қатынас институтын нығайту, заң алдындағы теңдікті қамтамасыз ету мәселелері әзірленуде», - деді.
ҚР Президентінің атап өтуінше, міне осы негізгі бағыттар жаңа әлемдік тәртіптік жағдайдағы Қазақстанның жаңа даму курсын айқындайды. «Қазіргі уақытта ол Үкіметпен және біздің сарапшыларымызбен әзірленуде», - деді Н.Назарбаев.