Елбасы Үкіметке 2014 жылдың 1 тоқсанынан кешіктірмей меритократия ұстанымдарын қорғауды заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар топтамасын әзірлеуді тапсырды
14:28, 17 Қазан 2013
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Үкімет 2014 жылдың 1 тоқсанынан кешіктірмей әкімшілік мемлекеттік қызметте меритократия ұстанымдарын қорғауды заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар топтамасын әзірлеуі қажет.
Бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Министрлер кабинетінің алдына осындай тапсырма жүктеді.
«Бұған дейін атап өткенімдей, әкімшілік мемлекеттік қызметте меритократия ұстанымдарын қорғауды заңнамалық қамтамасыз ету механизмдерін жақсарту қажет. Үкіметке келесі жылдың 1 тоқсанынан кешіктірмей аталған мәселе бойынша ұсыныстар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Елбасы.