Елбасы Үкіметке 2014 жылы ішкі сұраныстың 50 пайызын отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды
13:58, 15 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2014 жылы ішкі сұраныстың 50 пайызын отандық өндірісте өндірілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету міндетін қойды.
Президент бұл тапсырманы бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл қолымыздан келетін нақты іс. Біз бүгінде дәрі-дәрмектердің 90 пайызын сырттан әкелудеміз», - деді өз сөзінде Елбасы. Осыған орай Мемлекет басшысы фармацевтика саласында 1 ай мерзім ішінде бакцин, инсулин, антибиотик және басқа да дәрілік препараттарды өзімізде өндіретін зауыттардың құрылысын салуды пысықтауды тапсырды.