Елбасы Үкіметке Атырау қаласында кәсіби-техникалық білім берудің өңіраралық орталығын ашуды тапсырды

АСТАНА.  5 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты тақырыпта дәріс оқыған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жыл соңына дейін Атырау қаласында кәсіби-техникалық білім берудің өңіраралық орталығын ашуды тапсырды.

«Біз дербес (автономды мектептер)  мектептерді дамытып, оларда бақылау кеңестерін құруға тиіспіз. Негізі осы мектептер деңгейінде бастапқы жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа тетіктерін қарастыра бастаймыз», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент Қазақстанда әлемдік деңгейдегі колледждер желісі құрылатынын атап өтті. Бұлар техникалық білім беруді дамытудың флагманына айналмақ. Олардың базасында бизнестің қатысуындағы білім мекемелерінің корпоративтік басқару формасы, жаңа білім беру стандарттары сынақтан өтеді. «Осыған орай, Үкіметке жыл аяғына дейін Атырау қаласында кәсіби-техникалық білім берудің өңіраралық орталығын ашуды тапсырамын. Бұл кейіннен Астана мен Алматы қалаларында да ашылуы тиіс», - деді Елбасы.