Мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы бүгін, Үкіметтің кеңейтілген отырысында берді.
Экономика өсімінің жаңа қорларын іздестіріп, оны пайдалану қажеттігін баса айтқан Президент: «Біріншіден, инвестиция үшін күресуіміз қажет. Мен бұл турасында бүгінгі Жолдауымда айттым»,-деді.
Елбасының пайымынша, бұл жаһандық қаржы дағдарысы қарсаңында маңызды. Өйткені, инвесторлар өз капиталын өсірудің сенімді көздерін іздестіретін болады.
«Үкіметке бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеуді, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарына сәйкес Қазақстанның инвестициялық саясатын үйлестіруді тапсырамын»,-деді Президент.