Елбасы Үкіметке Қазақстан Қарулы Күштерін технологиялық жаңғыртуға бағытталған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Үкіметке Қазақстан Қарулы Күштерін технологиялық жаңғыртуға бағытталған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының айтуынша, бағдарламада Қазақстанда осыған сәйкес қазіргі заманғы өндірісті құру қарастырылуы тиіс. «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы отандық өндіріспен қамтамасыз етілуі керек. Еліміздің қорғанысын нығайту мемлекеттің тікелей міндеті. Бұған басқа ешкім қаржы салмайды. Оны біз істеуге міндеттіміз», деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Президент бұл бағытта алғашқы қадам жасалғанын атап өтті. «Өткен жылдардың ішінде 4 жаңа кәсіпорын құрылды. Кезекте тағы бесеуі тұр», деді Елбасы.