Елбасы: Үкіметке жастар бастамасы қорын құруды тапсырамын

None
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жастар бастамасы қорын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, елімізде 11 жастар ұйымы жұмыс істейді. Олармен Үкімет, әрбір министрлік, әрбір ведомство тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.

Сонымен бірге «Жас Отан» өкілі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс кеңесінің құрамында болуы керектігін баса айтқан Елбасы: «Мен Үкіметке Жастар бастамасы қорын құру мәселесімен жұмыс істеуді тапсырамын», - деді.

Бұл орайда Мемлекет басшысы барлық министрліктер мен әкімдіктердің стратегиялық жоспарларына жастармен жұмыс индикаторын енгізуді де тапсырды.