Елбасы Үкіметке жастар жатақханасы құрылысына жан бітіруді тапсырды
Қазіргі уақытта елімізде жалдамалы баспаналар салу ісі жанданып келе жатқандығын баса айтқан Мемлекет басшысы: «Бастапқы кезеңдерде олардың тұруына мүмкіндік беретін жастардың ұтқыр бөлігіне арналған студенттік, жастар жатақханаларын көптеп салу керек», - деді.
Осы орайда ҚР Президенті Үкіметтің Жұмыспен қамту бағдарламасында жоғарыда аталған бағыттар көрініс табуы керектігін баса айтты.
«Қазақта ата-бабамыз біздің әке-шешеміз осы жерде туған, осы жерде өлген, біз де осы жерден өлгенше кетпейміз деп өскен. Дүниежүзінде ондай жоқ. Америка азаматы Уолт Стритта жұмыс істейді, өзі Лос-Анжелесте тұрады. Таңертең тұрып, ұшақпен 4 сағат ұшып келіп, жұмысын бітіреді де, кешке қайтады. Себебі ол оған пайдалы. Яғни басқа елдердің ұтқырлығы өте жоғары», - деген Н.Назарбаев, жастарды жұмысы бар, қаржы табуға болатын өңірлерге баруға шақырды.