Елбасының атап өтуінше, еліміздің «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдасы бекітілді. Дегенмен, оны жүзеге асыру энергияны тиімді пайдалануда мүлдем жаңа тәсілдерді қажетсінеді. «Менің жүктеген міндеттерімді орындау үшін 2020 жылға дейін біздерге энергия үнемдеуді жылына 2,5 пайыз, ал 2020 жылдан кейін 3,5 пайыз қамтамасыз ету қажет. Сонда біз отандық кәсіпорындардың энергия тиімділігінің қажетті деңгейіне қол жеткізіп, сонымен қатар «жасыл экономика» құру аясындағы міндеттерді орындаймыз», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президентінің айтуынша, Тұжырымдаманы жүзеге асыру заңнаманы жетілдіруді де қажет етеді. Ал бұл жұмыстарды Парламенттің 3-сессиясында-ақ қарастыруға кірісу үшін жедел жұмыстар жүргізу қажет.
«Осыған орай Үкіметке Парламент қарауына сәйкесінше заң жобаларын енгізуді жеделдетуді тапсырамын», - деді Елбасы.