Елбасы Үкіметке жыл соңына дейін Қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын қабылдауды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметке жыл соңына дейін Қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын қабылдауды тапсырамын, деді Мемлекет басшысы Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ, Елбасы Экономикамыздың жаңа интеграциялық жағдайда дамуын қамтамасыз етуді жалғастыра беру қажет екендігін айтты.