Елбасы Үкіметтің индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмысына қанағаттанарлық баға берді

None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Жалпы Үкіметтің осы бағдарламаны орындау жолындағы жұмысына қанағаттанарлық деп баға беруге болады. Бүгін елордада өтіп жатқан Индустриялық форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев  осылай мәлім етті.

«Облыстарды аралаған тұста бүгінгі жетістіктеріміздің барлығы баяндалған болатын. Барлық облыстар тәуелсіздіктің 20 жылдығы тұсында Астанаға келіп есеп берді. Құрылысы жүріп жатқан нысандар бар, басқасы бар, жылдың аяғында іске қосылатын мекемелер саны арта түседі. Баяндалған мәселенің барлығы қанағаттандырады. Әсіресе, қолға алынған индустриялық бағдарламаға бүкіл халықтың тартылғаны жақсы. Бұл Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жемісті жұмысы», - деді Н. Назарбаев.

«Жалпы Үкіметтің осы бағдарламаны орындау жолындағы жұмысына қанағаттанарлық деп баға беруге болады. Облыс әкімдерінің, аудан әкімдерінің, өңір басшыларының жұмыстары қыруар. Осы қарқыннан тоқтатамауымыз керек», - деді Президент Н. Назарбаев.