Елбасы Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына арналған жиынға қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына арналған жалпы жиналысының сессиясына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Туиттердегі парақшасында хабарлады.

Сессия жұмысына академиктер, корреспондент-мүшелері, ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшелері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ директорлары, елдің көрнекті қоғамдық және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар - ғылым академиялары президенттері Ресей Федерациясынан Фортов В.Е., Қырғызстаннан Эркебаев А.Э., Грузиядан Квеситадзе Г.И., Молдовадан Дука Г.Г., Татарстаннан Салахов М.Х., Беларусь ҰҒА Президиумы төрағасының орынбасары - Килин С.Я., Украина ҰҒА Вице-президенті - Кошечко В.Г., Өзбекстан ҒА жалпы және бейорганикалық химия Институтының директоры - Закиров Б.С., Әзірбайжан ҰҒА Төралқа әкімшілігінің Ғылым және білім беру басқармасының бастығы - Садыгов А., Тәжікстан Республикасы ҒА академигі - Илолов М.И., Elsevier басқарма төрағасы және стратегиялық даму жетекшісі, Relax group директорлар кеңесінің мүшесі - Йонг Сук Чи, ҚХР-ның Алматы қ. Бас консулы - Чжан Вэй және т.б. көптеген делегциялар қатысады.
«ҚР ҰҒА президенті М. Жұрыновтың «Қазақстанның ғылымы, мәдениеті және экономикасының дамуындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының рөлі» баяндамасы тыңдалады», деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Сессияда шетелдік ғылым академиялары делегациялары мен отандық ғылыми мекемелер жетекшілері сөз сөйлейді.