Бүгінде Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсыну қажеттігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсынсын. Қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына (спорттың әр түрі бойынша) қатысуын ұлғайту жөнінен ұсыныс енгізсін», - деді.
Сонымен қатар Елбасы осы агенттікке Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп мамандандырылған спорттық теледидар арнасын құру жөнінде ұсыныс енгізуді жүктеді.
«Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Алматыда өтетін қысқы Универсиада-2017 қарсаңында студенттік және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және студенттер мен жасөспірімдер клубын құру жөнінде ұсыныс енгізсін», - деді ҚР Президенті.