Елбасы: Ұлы дала ұрпақтарының анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметін қайта оралтуымыз керек

None
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Ұлы дала ұрпақтарының анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметін қайта оралтуымыз керек.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде айтты.

«Ұлы дала ұрпақтары әр уақытта анасын ардақтаған, әлпештеген, қыздарын қадірлеген. Біздің салтымыз солай болуы керек. Сол дәстүрді лайықты жалғастырып, анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуымыз керек. Бұл барлық біздің қазақстандық азаматтарға айтатын сөзім»,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Елбасы өз сөзінде кей мемлекеттерде дінді жамылып әйелді үйде отырғызып қоятынын сынады. «Әйел заты ештеңені көрмеген болса, оқымаған, тоқымаған болса, ол балаға қандай тәрбие бере алады»,-деді Н. Назарбаев.