Елбасы Үндістанның Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның Премьер-Министрі Манмохан Сингхпен телефон арқылы сөйлесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сұхбаттасушылар 2009 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Үндістанға мемлекеттік сапарының жемісті болғанын, екі елдің өзара қатынастарына жаңа серпін бергенін атап өтті.Әңгіме барысында екі жақты қатынастарды, атап айтқанда атом энергетикасы, мұнай-химия, ақпараттық технологиялар, фармацевтика және инфрақұрылымдық жобалар саласында дамыту келешегі талқыланды.Қазақстан мен Үндістан басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың зор әлеуеті бар екенін атап өтті