Елбасы ҰОС-ның ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы әңгіме барысында А.Қалықовқа ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұлы Отан соғысының ардагері өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздігін нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіндегі Елбасының баға жетпес еңбегін атап өтті.