Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформа қазақстандықтарды біріктіреді - Тұтынушылар ұлттық лигасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформа қазақстандықтарды біріктіреді, деген пікір білдірді Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасы Елбасы Н. Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтай отырып.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ұлықтау рәсімімен және Қазақстан Республикасының Президентінің қызметіне ресми түрде кіріскеніңізбен шын жүректен айтылған құттықтауларымызды қабыл алыңыз!

Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы ұлықтау рәсіміндегі Сіздің ұсынған бастамаларыңыз орынды әрі өзекті деп санайды.

Сіз ұсынған институционалдық реформалар - жаһандық құбылыстарға берген қазақстандық жауап.

Іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру мемлекетіміздің ары қарай дамуына жол ашады.

Жемқорлықсыз тиімді автономды мемлекеттік аппарат құру мемлекеттік саясатты жетілдіреді деп санаймыз.

Ұсынылған индустрияландыру және экономикалық өсім бойынша реформа мемлекеттік дамуы мен орта таптың құрылуындағы маңызды фактор болады.

Өңдеу өнеркәсібінің дамуы саласындағы реформалар Қазақстанның экономикалық және экпорттық әлеуетінің артуына септеседі.

Экономиканы әртараптандыру негізіндегі индустриализация, аграрлы секторда шағын және орта бизнесті алға жылжыту азаматтардың және ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.

Заңның ұлықтылығы мен меншік құқығын қорғауға қатысты реформа жемқорлыққа қарсы күрес пен жүйе жұмысының ашықтығына бағытталған.

Бұл кәсіпкерлік қызметке жақсы жағдайлар жасайды, өйткені шетелдік және отандық инвесторлар қазақстандық соттың әділдігіне сенімді болады.

Сіз ұсынған бес институционалдық реформа қазақстандықтарды біріктіреді деп ойлаймыз», - деп жазылған құттықтауда.