"Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Ауған соғысының ардагерлері қауымдастығы атынан Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кірісуіңізбен құттықтауды қабыл алыңыз! Сіз ұлықтау рәсіміндегі сөйлеген сөзіңізде еліміздің болашақта даму бағыттарын айқындадыңыз. Сіз ұсынған қазақстандық мемлекеттіліктің ары қарай дамуына бағытталған институционалдық реформалар өміріміздегі барлық саланы қамтиды. Біз өмірлік тәжірибеміз бойынша бейбітшілік пен тыныштықтың бағасын білетін адамдар ретінде қазақстандық әскердің жаңғыртылуының маңызын жақсы түсінеміз. Патриотизмнің жоғары рухы, қарулы күштердің Отанды қорғауға дайындығы еліміздегі тұрақтылықты нығайтып, әлеуметтік-экономикалық дамудағы басым бағыттарды жүзеге асыруға көмектеседі.
Экономикалық өсімге заңның ұлықтылығына бағытталған реформа да септесе алады.
Құқық қорғау органдары қызметінің жаңғыртылуы, соның ішінде ашықтықты қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың артуы, патрульдік қызметтерді бейнетіркеушілермен қамту, сонымен қатар полиция қатарына қабылдау кезінде жаңа кәсіби және психологиялық жүйені пайдалануды енгізу барлық халықаралық талаптарға жауап беретін полицейлердің жоғары кәсіби корпусын құруға ықпалдасады.
Сіз ұсынған әр реформаның бейбітшілік пен келісімге және қазақстандық қоғамның дамуына бағытталуы аса маңызды", делінген құттықтауда.