Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа маңызды шешімдер қабылдауға бағытталған - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімімен құттықтады.

«Аса қадірлі Елбасы!

Сізді Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан салтанатты ұлықтау рәсіміңізбен құттықтаймыз!

Сіздің бастауыңызбен қазақстандықтар жаңа бір белесті еңсеріп, «Мәңгілік Ел» болу жолында Сізбен бірге нық қадам жасады.

Сіз ұсынған бес институционалдық реформа қазіргі заманның жаңа талаптары жағдайында белді бекем буып, маңызды шешімдер қабылдауға бағытталған.

Миллиондаған қазақ диаспорасы ел Президентінің дана саясаты нәтижесінде Қазақстан қоғамында тұрақты қалыптасқан достық пен келісімге толы көңіл-күйді ерекше бағалайды.

Болашағы біртұтас ұлт қалыптастыруға бағытталған институционалдық реформалардың төртінші бағыты азаматтық принциптер негізінде қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайтуды көздейді.

Тәуелсіздігіміздің және Сіздің ұдайы қамқорлығыңыздың нәтижесінде шетелдегі қандастарды елге оралту жөнінде бағдарлама нәтижелі жүзеге асырылуда.

Шетелдерде тұратын біздің қандастарымыз Тұңғыш Президенттің жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның табыстарына шынайы қуанады. Олар өздерінің тарихи Отанын әрдайым мақтан тұтады және оның гүлденуін тілейді», - делінген құттықтауда.