Елбасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгертулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды
08:06, 01 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы шартқа өзгертулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялару туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасының Заңы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы шартқа өзгертулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы шартқа өзгертулер енгізу туралы 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 28 қараша
№ 501-IV ҚРЗ
Заң республикалық БАҚ-та жарияланды.